Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Директордың блогы

Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Соц. сети

Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік рәміздер

«Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы»

«Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында АПҚО-ғы және 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сынып жетекшілері мен ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Мақсаты:

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы, білімді, саналы, тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Балалардың дамуы мен денсаулығының толыққанды жетіліп, дамуы үшін не қажет?- деген сұраққа бірлесіп жауап алу.

Іс-шара барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйқы режимін сақтау, ұйқының физиологиялық дамуға, зейін мен есте сақтау қабілетіне, оқу үлгеріміне, эмоциялық тұрақтылыққа тигізетін әсерлері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың күн тәртібін дұрыс қалыптастыру, гаджет қолдануды реттеу, кешкі уақыттағы тыныш орта қалыптастыру, ұйқы гигиенасын сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.

Сынып жетекшілері оқушылардың денсаулығын нығайту және оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында сапалы ұйқы мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара ата-аналар тарапынан қолдау тауып, балалардың күн тәртібін жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар нақтыланды.