Бірыңғай мектеп формасының оқушының тұлғалық дамуына, мектептегі ортаға және оқу процесіне тигізетін әсері зор. Бірыңғай форма оқушыны жинақылыққа, тәртіпке және өзін ұқыпты ұстауға үйретеді. Бұл – оқу процесінің сапасына тікелей әсер етеді. Бірыңғай мектеп формасына көшу — оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестіктің алдын алады, жасөспірімдер арасындағы еліктеушілікті болдырмай, тәртіпті нығайтуға көмектеседі.
Құрметті ата-аналар! 📢
✅Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылына төмендегі мектеп формасы ұсынылады:
📌Ер балаларға: ақ жиде, қара-көк түсті костюм-шалбар, қара-көк түсті қысқа жеңді кеудеше (кеудешеге мектеп эмблемасы тағылады).
📌Қыз балаларға: ақ жиде, ақ бантик, қара-көк түсті костюм-белдемше (тізеден төмен түсіп тұруы керек), қара-көк түсті қысқа жеңді кеудеше (кеудешеге мектеп эмблемасы тағылады).









