«Ұлылардың ұлысы – Абай» атты әдеби сағатымыз қазақ халқының данасы, ойшылы, ақындықтың асқар биігі – Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналады. Абай – халқымыздың мәңгі мақтанышы. Оның өлеңдері, қара сөздері мен әндері – өмірдің айнасы, халық рухының биік көрінісі. Шара барысында Абай Құнанбайұлының шығармаларынан кітап көрмесі таныстылды. Абай өмірінен сыр: Деректі фильм қосылады. Фильмді насихаттай отырып оқушылар Абай шығармаларынан «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге» атты шығармаларын мәнерлеп оқып берді. Қара сөз – ғибрат бастауы Интерактивті тақта Абайдың 5, 7, 10, 32 қара сөздері қосылып тыңдалды. Қара сөздерде ақынның өмірлік тәжірибесі мен ой түйіндері насихатталды. Абайдың шығармасынан «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым саған – Қаламқас» атты әндері хормен орындалды. Бүгін біз ұлылықтың ізімен жүріп, Абайдың рухани әлеміне саяхат жасадық. Әр жүректе Абайдың бір үзік сөзі қалсын: «Адам баласын сүй, бауырым деп». Осы сөзбен әдеби сағатымызды аяқтадық.
Оралбаева Аида Штапбекқызы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Директордың блогы










