⚜️»Ұлттық ойын тапсырмаларын құрастыру» тақырыбындағы қалалық шебер-класс туралы ақпарат
📅 2025 жылдың 14 мамыры күні N79 жалпы білім беретін орта мектебінде «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі А.Т. Байменова «Ұлттық ойын тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында №4 қалалық шебер-класс өткізді.
🔹 Шараны мектеп директоры М.Б. Досжанова Ұлттық ойынды ұрпаққа үйрету, болашаққа қосқан үлес екенін айта отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
🔹 Мектеп әдіскері Ф.Ж. Карагулова өз сөзінде «Ойын — халықтың асыл қазынасы» екенін атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
🔸 А.Т. Байменова «Жақсы көңіл-күй – жанға қуат» атты тренинг өткізіп, ұлттық ойындарды сабақ үдерісіне енгізу бойынша арнайы бейнеролик дайындап, әріптестерімен тәжірибе бөлісті.
🔸 №56 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Ж. Есказина «Ұлттық ойындарды оқу үдерісінде қолдану» тақырыбында «Көкпар» ойыны арқылы сұрақ-жауап әдісін ұсынып, тапсырмалармен таныстырды.
⚜️Шебер-класқа қатысқан барлық әріптестер қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Оралбаева Аида Штапбекқызы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Директордың блогы

















