2025 жылдың 24 сәуірінде №79 жалпы білім беретін орта мектепте «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі А.Т. Байменова «Математика сабағында ұлттық ойындарды қолданудың маңызы» тақырыбында №3 қалалық шебер-класс өткізді.
*Шара мектеп директоры М.Б. Досжанованың жылы лебізімен басталып, әдіскер Ф.К. Жақсыбаевна ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәніне тоқталды.
*А.Т. Байменова шебер-классты «Асықтар шеруі» тренингімен ашып, заманауи платформалар мен әдіс-тәсілдерді ұштастыра отырып, тәжірибесімен бөлісті.
«Теңге ілу», «Киіз үй», «Домино» ойындары математика сабағында ұлттық тәрбиені ұштастырудың тиімді жолы ретінде қолданылды.
№58 ОМ мұғалімі К.Т. Мұқашева мен №6 МГ мұғалімі А.Б. Аралова да өз озық тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды тапсырмалар ұсынды.
Сабақ соңында «Wordwall» платформасы арқылы «Асықтар» әдісімен кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар шебер-класқа оң бағасын берді.




