🔔Ағымдағы жылдың 29 — сәуір күні 15 минуттық көңілді үзілісте оқушылармен психологиялық ойын, жаттығулар өткізілді. 🖇️Креативті мозайка ойнатылды. Ол креативтілік пен елестету қабілетін дамыту-мозаика немесе пазл арқылы түрлі бейнелер құрастырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытты. 🖇️Жылдамдық пен икемділікті, ептілікті, логикалық ойлау мен зейінді дамыту мақсатында стакандарды жылжыту ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушы заттардың орналасуын, ретін тез тауып, тез шешім қабылдауды үйренді. 🖇️Қол мен көздің координациясын жақсарту- бөлшектерді орналастыруда дәлдік қажет. 🖇️Жеңіл моториканы жетілдіру- ұсақ заттармен жұмыс жасау арқылы саусақ қозғалысы дамиды. 🖇️Сабыр мен табандылықты тәрбиелеу мақсатында-ойындар кейде ұзаққа созылуы мүмкін, шыдамдылық қажет. Осы жоғарыда аты аталған қасиеттерді бала бойына қалыптастыру мақсатында осы креативті ойындар үзілісте ұйымдастырылды. Өткізген мектеп психологы: Б.А.Куккузова




