Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Директордың блогы

Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Соц. сети

Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік рәміздер

«Келешек мектептері» жобасы аясында маңызды тренинг өтті

Бүгін мектебімізде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жоспарлы «Біртұтас команда – жайлы мектеп» атты тиімді тренингі ұйымдастырылды.

Тренингті өз ісінің шебері, тәжірибелі маман, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренері Жубаева Жаңғұл Оңайқызы жүргізді.

Тренинг барысында талқыланған негізгі бағыттар:

  • мектепте жайлы, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру тәсілдері;
  • бір команда ретінде жұмыс істеудің тиімді стратегиялары;
  • педагогтердің өзара қолдау мәдениетін дамыту;
  • мектептегі корпоративтік рухты көтеру жолдары.

Практикалық жаттығулар мен топтық жұмыстар тренингтің мазмұнын жандандырып, қатысушылардың кәсіби қарым-қатынасын нығайта түсті. Педагогтер ортақ пікір алмасып, бірлескен шешім қабылдау дағдыларын бекітті.

Жаңғұл Оңайқызының тәжірибесі мен тренинг мазмұны қатысушыларға зор серпін беріп, ұжымдық жұмыстың маңызын терең сезінуге мүмкіндік жасады.

Тренингтің басты мақсаты:

біртұтас, үйлесімді команда қалыптастыру және жайлы мектеп ортасын нығайту.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ұжымға және құнды тәжірибесімен бөліскен тренерге шынайы алғыс білдіреміз!