«Ұйқының пайдасы мен зияны» тақырыбында 7 «а» сынып жетекшісі Г.Куспанова «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасы аясында ата-аналар жиналысын өткізді.
Мақсаты:Жеткіншек жастағы оқушылардың ұйқы режимін қалыптастырудың өзектілігін түсіндіру, ата-аналарды ұйқының денсаулық пен оқу үлгеріміне әсерімен таныстыру, үй жағдайында қолдануға болатын тиімді ұсыныстар беру.
Іс-шара барысында мамандар ата-аналарға келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
- Ұйқының маңызы туралы мәлімет берілді.
Адам ағзасының қалпына келуі, ми қызметінің белсенділігі, оқу материалын қабылдау мен есте сақтаудың ұйқымен тығыз байланысты екені айтылды. - Ұйқының жеткіліксіздігі мен артықтығының зияны түсіндірілді.
Аз ұйқының шаршағыштық, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, зейіннің төмендеуі сияқты салдары аталып өтті. Сонымен қатар, шамадан тыс көп ұйықтау да ағза тонусын әлсірететіні талқыланды. - Практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Сынып жетекшісі күн тәртібін жоспарлау жолдарын көрсетіп, гаджеттердің ұйқы сапасына әсерін түсіндірді.
Мектеп психологы ата-аналарға релаксациялық әдістерді, тыныс алу жаттығуларын және ұйқы алдында баланы тыныштандыруға көмектесетін қарапайым тәсілдерді көрсетіп берді. - Пікір алмасу ұйымдастырылды.
Ата-аналар өз балаларының күн тәртібі туралы айтып, қандай қиындықтармен кездесетінін бөлісті. Ұсынылған кеңестерге қатысты сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.








