Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Директордың блогы

Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Соц. сети

Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік рәміздер

Қамқоршылық кеңес

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы мектептің қызметіне қоғамдық бақылау, ашықтық және сапаны арттыру тетігін енгізуде маңызды рөл атқарады. Қазан айында мектептің қамқоршылық кеңесі құрылып, мектептің тыныс тіршілігіне аралысып бірлесе жұмыс жасауда. Кеңестің бірінші отырысында қамқоршылық кеңесінің негізгі қағидалары түсіндіріліп, әлеуметтік маңызды мәселелер қозғалды. Күн тәртібінде: ҚР БҒМ 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі қағидаларымен таныстыру; Аз қамтылған отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсету жұмысы, «Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы; Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы; Мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасының сақталуы; Мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған мақсат-міндеттері және жоспарларымен таныстыру; Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары, «Досбол Like» жобасының жүргізілуі; Педагогикалық-психологиялық қызметтің жүргізілуі; «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жобалардың жүргізілуі секілді өзекті мәселелер қарастырылды.