«AI.Mugalim: білім берудегі цифрлық шешімдер» жобасы аясында мектебіміздің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетіліп, заманауи жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары таныстырылды.
🔹 Кездесу барысында:
– жобаның мазмұны мен жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді;
– білім беру үдерісіне ЖИ элементтерін енгізу арқылы сабақ сапасын арттыру мүмкіндіктері талқыланды;
– оқушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту бағыттары айқындалды.
💡 Сонымен қатар, жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде алдағы жұмыс бағыттары нақтыланып, педагогтерге жобаны кезең-кезеңімен іске асыру алгоритмдері ұсынылды.
Мектебіміздің шығармашылық тобына білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи ЖИ платформалар таныстырылып, тәжірибеде қолдану жолдары көрсетілді.
✨ Білім берудегі жаңашылдық – сапалы білімнің кепілі!








