Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Директордың блогы

Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Соц. сети

Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік рәміздер

Ақтөбе қаласындағы «№79 жалпы білім беретін орта мектебінде» 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 4, 6, 8 және 10-сынып оқушылары үшін кіріс диагностикалық тестілеу ұйымдастырылып, өткізілді.

Мақсаты:

Оқу жылының басында оқушылардың білім деңгейін анықтау, пән бойынша дайындық деңгейін саралау және алдағы оқу процесін тиімді жоспарлау.

Өткізілу барысы:

Кіріс тестілеу оқыту тілі және математика пәндері бойынша Testter.kz платформасында жүргізілді. Барлық көрсетілген сыныптар толық қамтылды. Тест автоматтандырылған форматта ұйымдастырылды және белгіленген регламентке сәйкес өткізілді.

Ерекшеліктері:

  • тест бір рет қана тапсырылады;
  • қатысушыларға бағалау қойылмайды;
  • нәтижелер тек диагностикалық мақсатта қолданылады;
  • тестілеудің оқушыға әсер ететін салдары жоқ;
  • оқу жылының соңында білім өсімін айқындау үшін шығыс тестілеуі өткізіледі.

Қорытындысы:

Кіріс тестілеу нәтижелері пән мұғалімдеріне ұсынылады және оқу процесін жоспарлау, білім олқылықтарын анықтау, жеке және топтық қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады