2026 жылдың 20 сәуір күні “BILIM QAZYNA” КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «№79 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ базасында педагог -зерттеуші А.А. Жаппарованың «Ұлттық құндылықтар — бастауыштағы тәрбиелі білім берудің заманауи, рухани негізі» тақырыбында қалалық шебер-класс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
📍 Іс-шараның басты мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ұлттық құндылықтарды заманауи, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу шеберлігін арттыру, сондай-ақ оқушылардың бойында ұлттық код пен функционалдық сауаттылықты қатар қалыптастыру болды.
💫 Бұл шебер-класс – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі болды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен толықты.
🤍 «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлы ой тағы бір мәрте өз дәлелін тапты.
Оралбаева Аида Штапбекқызы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Директордың блогы








