🔬 Мектепішілік ғылыми жобалар конкурсы – 2026
Конкурстың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденістерін қолдау, сондай-ақ STEM, робототехника, нанотехнология бағыттарына қызығушылығын арттыру.
📊 Байқауға оқушылар 12 түрлі секция бойынша өз зерттеу жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар өз жобаларын қорғап, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Әрбір жұмыс тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері және практикалық маңызы бойынша бағаланды.
👩🏫 Қазылар алқасы оқушылардың ізденімпаздығы мен ғылыми ойлау қабілетін жоғары бағалады.
🏆 Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, оқушылар марапатталып, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.
👏 Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Ғылымға деген қызығушылықтарыңыз артып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Оралбаева Аида Штапбекқызы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Директордың блогы









