Жалғыз қалып, өзіммен тілдескенкенмін…
(Ақын, философия докторы (Phd), Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Әзи Есентүгел Амангелді ұлымен кездесу)
«Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбындағы қоғамдық — гуманитарлық пәндер бірлестігі он күндігі аясында ақын, айтыскер, философия ғылымдарының докторы (PhD),
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әзи Есентүгел Амангелдіұлымен
тағылымы терең, рухани әсері мол әдеби-танымдық кездесу өтті.
📚 Кездесу барысында білім алушылар ақынға көкейдегі сұрақтарын қойып, поэзия, шабыт, өмір мен өнер туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Оқушылар ақын шығармаларынан үзінділер оқыды.
Сұхбат соңында ақын жаңа мектебіміз бен оқушыларға домбыраның қоңыр үнімен ақжарма тілегін арнады.
💬 Жас ұрпақ пен ақын арасындағы еркін сұхбат, жыр мен ой тоғысқан сәттер кештің көркін аша түсті.
🌿 Бұл кездесу оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып,рухани дүниесін байыта түсті.







