Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Директордың блогы

Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Соц. сети

Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік рәміздер

2025 жылдың 19 қыркүйегінде мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» (ППК) қызметінің №1 отырысы өткізілді.

Отырыс барысында білім алушылардың оқу процесіндегі, мінез-құлқындағы және әлеуметтік даму мен бейімделуіндегі туындаған қиындықтарды шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға төмендетілген оқу жүктемесін енгізу тәртібі таныстырылды.

Ата-анасына қиындық тудыратын пәндер бойынша дефектолог және логопед мамандарымен жүйелі жұмыс жүргізуге ұсыныс беріліп, бағыттау жұмыстары жасалды.

Отырыстың негізгі талқыланған мәселелері:

  • оқушының жеке даму ерекшеліктері мен бейімделу деңгейін бағалау;
  • психологиялық-педагогикалық қолдау түрлерін айқындау;
  • мамандар тарапынан көрсетілетін түзету-педагогикалық көмектің мазмұнын нақтылау;
  • ата-анамен бірлесе әрекет етудің тиімді жолдарын белгілеу;
  • білім алушы үшін қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.

Қатысушылар:

ППК отырысына мектеп директоры А.Ш. Оралбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Б. Смағұлова, мектеп психологы Б.А. Күккузова, әлеуметтік педагог, ассистент Г.Б. Спанова, сынып жетекшісі И.Н. Орынқұлова, ата-ана А. Бисенова қатысты.

Жиналыс барысында әр маман өз ұсыныстарын білдіріп, оқушыға қажетті қолдау бағыттары анықталды. Отырыс нәтижесінде білім алушының оқу жетістігін арттыруға және бейімделуін жеңілдетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.