Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Директордың блогы

Секция

Оралбаева Аида Штапбекқызы

Соц. сети

Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік рәміздер

2025 жылғы 3 желтоқсанда мектептебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқу сауаттылығын дамытуға арналған платформалар мен құралдарды тиімді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді

Мақсаты:  Білім беру процесінде оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған цифрлық платформалар мен құралдарды тиімді қолдану тәжірибесін тарату, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін жетілдіру.

Семинар әсерлі ашылу салтанатымен басталды.

Бүгін өткен облыстық семинардың ашылу рәсімі шынайы рухани кешке айналды. Қазақтың көне мұрасы — жетіген аспабының үнімен басталған шара, күмбірлеген күйге ұласып, әсерлі әндермен жалғасты.

Поэзияға жаны жақын білім алушылар жүрек тебірентерлік өлеңдерін оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Осындай рухани мазмұнға толы кеш білім мен өнердің үндестігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Семинардың негізгі бөлімі тәжірибелі ұстаздардың пәндік сабақтарда заманауи цифрлық ресурстарды қолдануы мен панорамалық сабақтар өткізіп, заманауи форматтағы баяндамалар жасауымен жалғасты.

Рефлексия сәтінде қатысушыларға жайлы атмосфера қалыптастыру мақсатында кофе ішкізе отырып, өз ішкі сезімдерін сурет арқылы бейнелеу ұсынылды. Бұл тәсіл әрбір адамның көңіл-күйі мен ой-толғанысын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.

Сурет салу арқылы өз сезімін білдіру — эмоцияны танып, ішкі әлеммен байланыс орнатуға ықпал етті.

Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үлкен әсер алды.

Семинар жоспарға сай толық өткізіліп, қатысушыларға оқу сауаттылығын дамытуға арналған заманауи платформалар, әдістер және педагогикалық тәсілдер тәжірибелік түрде ұсынылды.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!