🔹️ «№79 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ -де «BILIM QAZYNA» КММ -нің жоспарына сәйкес «Білім сапасын жақсартуда цифрлы платформаларды оңтайлы қолдану» тақырыбында педагог-зерттеуші А.А.Мырзалинаның шебер-класы өткізілді.
💻Отырыс барысында педагогтар заманауи оқытудың тиімді құралдарын талқылап, тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алмасу барысында:
✅ Сабақ үдерісін цифрландырудың жаңа мүмкіндіктері;
✅ Платформаларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
✅ Білім сапасын мониторингілеудің оңтайлы жолдары қамтылды.
Жиын соңында қатысушылар цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша нақты кейстер мен әдістемелік ұсыныстар алды.
Білім беру саласындағы жаңа технологиялар — сапалы болашақтың кепілі!







